АМАNАТ партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды

АМАNАТ партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды

АМАNАТ партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
АМАNАТ партиясының жауапты хатшысы Асхат Ораловтың 11 мамырдағы бұйрығымен АМАNАТ партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы хатшысы болып Нұрбек Қарасаев тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz. Нұрбек Қарасаев 2007 жылы Ш.Есенов атындағы университетті бітірген. 2011-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Дін істері департаментінің басшысы қызметін атқарған. 2012-2013 жылдары «МаңғыстауАгропромпроект» ЖШС атқарушы директоры. 2014-2017 жылдары Маңғыстау облысының Индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы. 2017-2020 жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Маңғыстау облысы бойынша филиалының басшысы қызметін атқарған. 2021 жылдан осы уақытқа дейін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.