Ауғанстанда әйелдер пәрәнжі киюге қарсы наразылыққа шықты

Ауғанстанда әйелдер пәрәнжі киюге қарсы наразылыққа шықты

Ауғанстанда әйелдер пәрәнжі киюге қарсы наразылыққа шықты
ашық дереккөзі
Ауғанстанда әйелдер қоғамдық орындарда пәрәнжі киіп жүруге қарсы наразылық танытып, шеруге шықты деп хабарлады turkystan.kz BBC news-ке сілтеме жасап. Наразылыққа тәліптер әйелдердің киіміне қатысты тәртіпті қатаңдатуы түрткі болды. Енді қыз-келіншектердің бәрі хиджаб киіп жүруі керек. Белсенділер бұл келешекте барлық әйелден пәрәнжі киюді талап етуге әкеледі деп уайымдайды. Ауғанстандық әйелдердің ауылды жерлерде пәрәнжі киюі кеңінен тараған. Бірақ қалаларда көбі бастарына орамал ғана тағады. Ал тәліптер билікке келгелі әйелдердің киім үлгісіне қатысты тәртіпті қатаңдатқан.