Қытайда 122 адам отырған ұшақ өртенді

Қытайда 122 адам отырған ұшақ өртенді

Қытайда 122 адам отырған ұшақ өртенді
ашық дереккөзі
Қытайдың оңтүстік-батысында жолаушылар отырған ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өртенді деп хабарлады turkystan.kz Xinhua агенттігіне сілтеме жасап. Оқиға бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 8.00-де болған. Tibet Airlines қытайлық әуекомпаниясының A319 әуелайнерінде 122 адам отырған. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, Чунцин әуежайының маңында өртеніп кетті. Барлық 113 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі қауіпсіз жерге шығарылды. Жарақат алған 40-тан астам жолаушы ем алу үшін қалалық ауруханаларға жеткізілді. Қазіргі уақытта Чунцин Цзянбей халықаралық әуежайында ұшу-қону рейстері қалыпты жағдайға оралды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.