Толайым табысқа толы сапар

Толайым табысқа толы сапар

Толайым табысқа толы сапар
ашық дереккөзі
10 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Түркия астанасы «Есенбоға» халықаралық әуе­жайын­да Қазақстан Президентін Түркияның вице-пре­зиденті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин жә­не басқа да бірқатар ресми тұлғалар күтіп алды. Мем­лекет басшысының Анкарадағы екі күндік сапа­рын­да Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен ша­ғын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, түр­киялық ірі бизнес өкілдерімен өтетін бизнес форум­ға қатысуы жоспарланған болатын. Мемлекеттік сапардың бірінші күні Президент Ата­түрік кесенесіне гүл шоғын қойды. Анытқабір кесенесін ара­лап көрген Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кі­табына қолтаңба қалдырды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев тамырлас түрік жұртына зор құрметін білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың мәңгі болуын, екі ел ынтымақтастығының арта беруін және бауыр­лас түрік халқына бақ-береке тіледі. Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми деле­га­ция­сының мүшелері де қатысты. Президент сарайында салтанатты түрде ресми қар­сы алу шарасы өтіп, екі ел президенттері шағын жә­не кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Одан кейін ша­ғын құрамда кездесу болды. Мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық са­лаларды кеңейтуге ерекше көңіл бөле отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің ауқымды мәселелерін талқылады. Сонымен қатар жаһандық және аймақтық күн тәртібіндегі пробле­малар қарастырылды. Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы қарым-қа­тынастарды «кеңейтілген стратегиялық серіктестік» дең­гейіне көтеру туралы шешім қабылдады. Шағын құрамдағы кездесу соңында Мемлекет бас­шысы Түркия Президентін елімізге сапармен келуге ша­қырды. Режеп Тайып Ердоған Түркияға сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сонымен қатар Режеп Тайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға шақыруын ризашылықпен қабыл алып, биыл күзде елімізге келетінін жеткізді. Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоған БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Сапардың екінші күні Мемлекет басшысына ин­вес­ти­циялық жобалар таныстырылды, Президент Түр­кия­ның бірқатар кәсіпкерімен жеке-жеке кездесті, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Түркия: бизнес өкіл­дерінің басқосуына қатысып, сөз сөйледі, Мемлекет бас­шысының Түркиядағы екі күндік сапары Пре­зи­денттік Ұлт­тық кітапхананы аралаумен аяқталды. Қасым-Жомарт Тоқаев түрік елінде көрсетілген құр­мет пен қонақжайлығы үшін Режеп Тайып Ердоғанға ри­за­шылығын білдірді.
– Түркия – Қазақстанның Еуразия құрлығындағы ең маңызды әрі сенімді серік­тестерінің бірі. Елдеріміз арасындағы ортақ тарих пен рухани мұраға не­гізделген қарым-қатынасымыз бүгінде өрістеп, стратегиялық серіктестік дең­гейінде ілгерілеп келеді. Қазақ халқының «Байлықтан артық достық бар, дос­тықтан артық байлық жоқ» деген ұлағатты сөздері Сіздің шынайы досы­мыз, ті­лектес бауырымыз екеніңізді айшықтайды, – деді Мем­лекет басшысы.
Қазақстан Президенті екі ел арасындағы дип­лома­тия­лық қатынастарға 30 жыл толғанын атап өтіп, қазір Түр­кия Қазақстанның жетекші сауда серік­тес­терінің біріне айналғанын айтты. Түркия Президенті екі ел арасындағы қарым-қа­ты­нас­ты жаңа деңгейге кө­теруге әзір екенін атап өтіп, Қа­­зақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қол­­дай­тынын айтты.
– Біз әріптестігімізді кеңейтілген страте­гиялық серіктестік деңгейіне кө­тердік. Түр­кия мен Қазақстан – ортақ тарих, тіл, дін жә­не мәдени құн­ды­лық­тардан қуат алған әрі мық­ты байланыс орнатқан бауырлас мем­лекеттер. Біз Түркия елі Қазақстанның тұрақ­ты­лығы мен тыныштығына ерекше көңіл бөле­­міз. Сіздің Жаңа Қазақстанды құру жо­лын­­дағы күш-жігеріңіз бен табан­ды­лы­ғыңыз­ды құрметтеймін. Осы бағыттағы ауқымды ре­формаларыңызды қол­даймын, – деді Режеп Тайып Ердоған.
Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақ­стан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ер­доған кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.
Сонымен бірге мемлекеттер басшы­лары­ның қатысуымен ресми деле­гациялардың мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет жә­не спорт министрлігі мен Түркия Республи­ка­сының Президенті жанындағы мемлекеттік ар­хивтер басқармасы арасындағы ынты­мақ­тастық туралы хаттама. 2. Қазақстан республикасы Ақпарат және қо­ғамдық даму министрлігі мен Түр­кия Рес­публикасы Президентінің аппараты жанын­дағы коммуникация бас­қармасы арасындағы БАҚ саласы бойынша ынтымақтастық туралы ме­морандум. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіме­ті ара­сын­­дағы халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалдары тура­лы келісім. 4. Қазақстан Республикасы мен Түркия Рес­публикасы арасындағы көр­сетілетін қыз­меттер саудасы туралы келісімге Техни­ка­лық тапсырма. 5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкі­меті ара­сындағы ақпарат алмасу ісін ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы келісім. 6. Қазақстан Республикасы Экология, гео­логия және табиғи ресурстар министр­лі­гінің Орман шаруашылығы және жануарлар дү­ниесі комитеті мен Түркия Республикасы Ауыл және орман шаруашылығы министр­лі­гі­нің Орман шаруашылығы бас басқармасы арасындағы орман шаруашылығы саласы бойын­ша өзара ынтымақтастық туралы ме­морандум. 7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі ара­сындағы өсімдіктер карантині және оларды қорғау саласы бойынша ынтымақтастық ту­ра­лы келісім. 8. Қазақстан Республикасы Цифрлық да­му, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Түркия Республикасы Ин­дустрия және технология министрлігі ара­сындағы ақпараттық технологиялар салалары бойын­ша ынтымақтастық туралы ме­моран­дум. 9. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі ара­сындағы әскери барлау саласы бойынша ын­тымақтастық туралы хаттама. 10. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі ара­сын­дағы әскери архивтер, әскери тарих, му­зей­тану және әскери жарияланымдар са­ла­лары бойынша ынтымақтастық туралы хат­тама. 11. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі ара­сын­дағы білім беру саласы бойынша ынты­мақ­тастық туралы келісім. 12. Қазақстан Республикасы Мәдениет жә­не спорт министрлігі мен Түркия Рес­пуб­ли­касы Мәдениет және туризм ми­нистрлігі ара­сын­дағы кинематография сала­сы бойын­ша өзара түсіністік туралы ме­морандум. 13. Қазақстан Республикасы Ақпарат жә­не қоғамдық даму министрлігі мен Түркия Республикасы Жастар және спорт министрлігі арасындағы жастар саясаты саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум. 14. Қазақстан Республикасы Экология, гео­логия және табиғи ресурстар министрлігі мен Түркия Республикасы Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі ми­нистрлігі арасындағы қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумы.