Екібастұзда үй иесі өз пәтерінен өлі табылды

Екібастұзда үй иесі өз пәтерінен өлі табылды

Екібастұзда үй иесі өз пәтерінен өлі табылды
ашық дереккөзі
56  жастағы әйел пәтер есігін ашпаған соң құтқарушыларға оның күйеуі хабарласқан деп хабарлады turkystan.kz. Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға 11 мамырда болған.
«11 мамыр 18:04-те 112 желісіне Екібастұз қаласы Б.Момышұлы көшесі, 88 үйдегі пәтерлердің бірінде әйел кісінің есік ашпағаны, іштен ешбір белгінің жоқтығы туралы хабарлама келіп түсті» деп жазылған хабарламада.
Құтқару қызметіне әйелдің күйеуі хабарласқан. Оның айтуынша, тәңертең жұмысқа кетіп, кешке үйіне оралғанда пәтеріне кіре алмаған. Себебі, пәтер есігі ішкі жақтан жабылған. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, полиция қызметкерлері мен күйеуінің қатысуымен пәтерді ашқан.
«Құтқарушылар альпинистердің көмегімен үйдің төбесінен арқан арқылы 5-қабаттың балконына түсті. Осылайша, ішке кіргенде пәтерден 1966 жылы дүниеге келген әйелдің жансыз денесі табылды» деп жазылған баспасөз хабарламасында.