Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі 6 маусымға дейін ұзартылды деп хабарлады turkystan.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұловтың қамауға алу мерзімі де 6 маусымға дейін, Дәулет Ерғожиннің қамау мерзімі 13 маусымға дейін ұзартылды», – делінген ҰҚК таратқан хабарламада.
Еске салсақ, Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов 8 қаңтарда ұсталды. 13 қаңтарда билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер фактілері бойынша тергеу басталды. Кәрім Мәсімовтің ісін Қылмыстық кодекстің «Пара алу, билікті және өкілеттікті асыра пайдалану», сондай-ақ «Мемлекетке опасыздық жасау» деген бірнеше бабы бойынша тергеп жатыр. Қылмыстық іс «аса құпия» тәртібі бойынша тергеу басталған. Тағы оқи отырыңыз: Кәрім Мәсімов 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін