Қазақстанда жемқор шенеуніктердің жария тізімі пайда болуы мүмкін

11 мамыр, 2022 / Алуа Арман
ашық дереккөзі
Қазақстанда жемқор шенеуніктердің жария тізімі пайда болуы мүмкін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бейінді заңнамаға өзгерістер енгізу жобасын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланған», – делінген хабарламада. Жоспарға сәйкес: Консультатив құжаттар биыл 13 мамырда жария талқылау үшін «Ашық НҚА» интернет-порталында, сондай-ақ агенттіктің интернет-ресурсында жарияланады. Консультатив құжаттарды талқылау мерзімі – 15 жұмыс күні және биыл 2 маусымға дейін жалғасады. Еске салсақ, Ресейде жемқор шенеуніктер тізілімі 2018 жылы құрылған. Онда жемқор лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы, ол жұмыстан босатылған органның атауы, жұмыстан босату себебі мен күні және тізілімге енгізілгені көрсетіледі. Сонымен қатар, тізілімде қандай заң нормалары бұзылғаны көрсетіледі. Тағы оқи отырыңыз: «Ақшаларыңды осында тығыңдар, құрметсіз жемқорлар!» – экономист