Алматыда жаңбыр мен дауыл салдарынан 19 ағаш құлады (ВИДЕО)

Алматыда су тасқынын жою үшін жедел штаб құрылды. Нөсерден Алматыда 19 ағаш құлады деп хабарлады turkystan.kz.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, қазіргі кезге дейін қала орталығында 19 ағаш құлап, 1 автокөлік пен 1 үй зардап шекті.

«11 мамырдағы 20:30-дағы жағдайы бойынша нөсерлi жаңбыр мен дауыл салдарынан «112» желісіне жеке тұрғын үйлердің аула аумақтарын, көпқабатты көшелердің, жертөлелерін су басу туралы 70 хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына қызметкерлерді жібергенімен, оның ішінде 18 жағдай расталмады. 13 су басу фактісі жойылды. Қалған учаскелер бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз», – делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от @kris.p.original

Тағы оқи отырыңыз: «Екі адамға оқ тиген»: Алматыда атыс болды

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button