Кішкентай қызды құтқарған азаматқа 3 бөлмелі пәтер берілді

Кішкентай қызды құтқарған азаматқа 3 бөлмелі пәтер берілді

Кішкентай қызды құтқарған азаматқа 3 бөлмелі пәтер берілді
ашық дереккөзі
8-қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер берілді деп хабарлады turkystan.kz. Бүлдіршінді ажалдан арашалап қалған азаматқа пәтерді «G-парк» компаниясының басшылығы сыйға берген.
 «Бұлай болады деп ешкім ойламаған. G-Park компаниясының директоры Ғабит мырзаға алғысым шексіз. Осы астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлап жатыр. Рақмет!» – деді Сәбит.
Еске салсақ, бұған дейін Сәбит «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Оған қоса, елорда әкімі онымен кездесіп, ерлігі үшін алғыс айтты. Тіпті оның несиесін төлеп беруге көмектесетінін айтты.