Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркиядағы сапары аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркиядағы сапары аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркиядағы сапары аяқталды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысын Анкараның халықаралық әуежайында Түркияның вице-президенті Фуат Октай шығарып салды, деп хабарлады turkystan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Екі күнге созылған мемлекеттік сапардың негізгі түйіні Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен жүргізілген жан-жақты келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Түркия қарым-қатынасын кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар әртүрлі салаларда ынтымақтастықты нығайта түсетін бірқатар маңызды үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы түрік бизнесінің ірі өкілдерімен кездесті. Олармен кездесу екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізері сөзсіз» деп жазылған хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қол жеткізілген барлық уағдаластықтың орындалуы оның жеке бақылауында болады.