Сенбі, 10 Маусым, 2023

Тоқаев Түркияның Президенттік Ұлттық кітапханасына барды

Мемлекет басшысына, ең алдымен, ескі қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар бөлімі таныстырылды. Бұл бөлімде құнды зерттеулер мен құжаттарды қамтитын ғылыми кітаптар сақталған деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұдан кейін Қазақстан Президентіне Жиханнума залы (Cihannuma Hall) көрсетілді. Бұл жерде 100-ден астам елден әкелінген және 134 тілде жазылған шығармалар оқырман назарына ұсынылады. Сонымен қатар мұнда тарихта болған 16 түркі мемлекетіне арнап жазылған еңбектер бар.

Мемлекет басшысы көне түркі мемлекеттері заманын, Алтын орда және Тәуелсіздік кезеңдерін қамтитын бірнеше кітапты кітапхана қорына сыйға тартты.

1652268201 KZ1 7530.jpg 2

1652268215 KZ1 7535.jpg 2

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button