Алматыда «Қазақ журналистикасын зерттеудегі жаңа көзқарас» атты ғылыми конференция өтті

Алматыда «Қазақ журналистикасын зерттеудегі жаңа көзқарас» атты ғылыми конференция өтті

Алматыда «Қазақ журналистикасын зерттеудегі жаңа көзқарас» атты ғылыми конференция өтті
ашық дереккөзі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде IX «Бекхожин оқулары» аясында «Қазақ журналистикасын зерттеудегі тарихи дискурс пен жаңа көзқарас» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференцияға журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты  Сансызбай Мадиев мо­дераторлық етті. Ғылыми жиынды түркітанушы ғалым Аманқос Мектеп-тегі Хайыржан Бекхожиннің  журналистика тарихын зерттеушілердің ізашары  жайлы  баяндамасымен  бастады.
«Хайыржан Бекхожин – қазақ журналистикасының тарихын ғылыми-методологиялық тұрғыдан зерттеген алғашқы ғалым. Кітапханалардан, диссертация қорларынан ғылымның жазған жұмысын баспасөздің тарихын оқыту барысында  пайдалану керек», - деді филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев.
 width= Жиынға, сондай-ақ, филология ғылымдарының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы, филология ғылымдарының кандидаты, өнертанушы  Сағатбек Медеубекұлы, кинотанушы, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Кино тарихы мен теориясы кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Баубек Бауыржанұлы,   журналистика факультетінің  аға оқытушысы Нода Лариса Павловна, саяси ғылымдарының докторы, профессор, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі  Сұлтанбаева  Гүлмира Серікбайқызы қатысып,  Хайыржан Бекхожиннің ғылыми мұрасына талдау жасады. Конференция аясында  жас ғалымдар мен студенттер арасында ұйымдастырылған «Х.Бекхожиннің өмірі мен шығармашылығына арналған ең үздік мультимедиалық жоба», «Ең үздік ғылыми жоба», «Ең үздік публицистика» номинациясы бойынша жеңімпаздар марапатталды. Жыл сайын Х. Бекхожиннің шәкірті, белгілі жазушы, филология ғылымдарының докторы Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы тағайындаған ең үздік ғылыми жұмыстарға шәкіртақыны  журналистика факультетінің студенттері Борис Алмас,  Әміре Жәнібек иеленді.  Бекхожиндар отбасынан Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының PhD докторы, кинотанушы Х. Бекхожиннің немере інісі Баубек Нөгербек пен Х. Бекхожиннің келіні Зайдахан Бекхожина тағайындаған шәкіртақыны Сұлтан Бағдат, Маликаждарова Алтынай, Бақберген Ернұр Дәулетұлы, Тілеуқабыл Аяулым,  Мейірбек Баян иеленді.  width= Ғылыми шараның соңында Хайыржан Бекхожиннің диссертациялық еңбектерін  ғылыми айналымға енгізу мақсатында цифрлық форматқа көшіріліп, еңбектерін кеңінен оқу процесіне енгізу, сондай-ақ еліміздің әр өңірлерінде журналистика саласында білім алып жүрген БАҚ өкілдерінің  қатысу ауқымын кеңейту қарары қабылданды. width=  width=