Жаңалықтар

Алматыда «Қазақ журналистикасын зерттеудегі жаңа көзқарас» атты ғылыми конференция өтті

ашық дереккөзі

Алматыда «Қазақ журналистикасын зерттеудегі жаңа көзқарас» атты ғылыми конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде IX «Бекхожин оқулары» аясында «Қазақ журналистикасын зерттеудегі тарихи дискурс пен жаңа көзқарас» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Конференцияға журналистика факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты  Сансызбай Мадиев мо­дераторлық етті. Ғылыми жиынды түркітанушы ғалым Аманқос Мектеп-тегі Хайыржан Бекхожиннің  журналистика тарихын зерттеушілердің ізашары  жайлы  баяндамасымен  бастады. «Хайыржан Бекхожин – қазақ журналистикасының тарихын ғылыми-методологиялық тұрғыдан зерттеген алғашқы ғалым. Кітапханалардан, диссертация қорларынан ғылымның жазған жұмысын баспасөздің тарихын оқыту барысында  пайдалану керек», - деді филология ғылымдарының докторы, профессор Намазалы Омашев. Ғылыми шараның соңында Хайыржан Бекхожиннің диссертациялық еңбектерін  ғылыми айналымға енгізу мақсатында цифрлық форматқа көшіріліп, еңбектерін кеңінен оқу процесіне енгізу, сондай-ақ еліміздің әр өңірлерінде журналистика саласында білім алып жүрген БАҚ өкілдерінің  қатысу ауқымын кеңейту қарары қабылданды.