Қостанайлық прокуратура қызметкері орманда өз-өзіне қол жұмсаған

Қостанайлық прокуратура қызметкері орманда өз-өзіне қол жұмсаған

Қостанайлық прокуратура қызметкері орманда өз-өзіне қол жұмсаған
ашық дереккөзі
Қостанайда прокуратура қызметкері суицид жасап, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz exk.kz сайтына сілтеме жасап. Басылымның ақпаратынша, прокуратура қызметкерінің денесі қала шетіндегі орман алқабынан табылған.
«Қостанай қалалық прокуратурасы өз-өзіне қол жұмсау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Дегенмен, өз-өзіне қол жұмсаудың егжей-тегжейлері әлі ашылған жоқ», - делінген хабарламада.
Қоғам мүддесі бөлімі қызметкерінің өзіне қол жұмсауына жеке басының мәселелері себеп болған деген болжам бар. Тінту кезінде оның көз жұмғанға дейін жазған хаты табылды. Оның артында әйелі мен кәмелетке толмаған жас баласы қалған.