Павлодарда 84 жастағы қария көпқабатты үйден құлап кетті

Павлодарда 84 жастағы қария төртінші қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды turkystan.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«9 мамыр күні сағат 2:50-де Павлодар қаласындағы Павлов көшесіндегі үйдің жанынан 84 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Ол өзінің төртінші қабатта орналасқан үйінің терезесінен құлап кеткен» деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Экспертиза тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button