Жаңалықтар

Трамп: Пекиннің маған жөн сілтеуге қақы жоқ

ашық дереккөзі

Трамп: Пекиннің маған жөн сілтеуге қақы жоқ

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп жексенбі күні Fox News арнасына берген сұхбатында Американың Тайваньмен арақатынасына Пекиннің араласуына жол бермейтінін мәлімдеді.

«Қытайдың маған жөн сілтегенін қаламаймын», - деді АҚШ-тың болашақ көшбасшысы. Сондай-ақ, ол  Тайвань башысы Цай Инвэньмен телефон арқылы жоспарламай әрі қысқа сөйлескенін атап өтті.

«Біз неге «біртұтас Қытай» саясатын ұстану керекпіз?» , - деді Трамп Цай Инвэньмен болған әңгімесіне тоқталғанда. Оның айтуынша, қазір Пекин мен АҚШ арасында сауда мәселесі жөнінде келісім жоқ. Сондықтан АҚШ жоғары тарифтер бойынша ақы төлейді, ал Қытай бұл тұрғыда шығындалып жатқан жоқ.

Трапмтың пікірінше, Пекиннің АҚШ-қа ықпалы зор. Ол Қытайдың Оңтүстік-Қытай теңізінде жасанды аралдар жасамай-ақ қойғаны жөн болар еді деп есептейді. Сонымен қатар, АҚШ-тың жаңа сайланған президенті ҚХР-ды солтүстіккореялық түйткілді шешуге «ешқандай көмек көрсетпей отыр» деп мәлімдеді.