Жаңалықтар

Біртановтың сот отырысы өтіп жатыр

ашық дереккөзі

Біртановтың сот отырысы өтіп жатыр

Елордада бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевке қатысты сот отырысы өтіп жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Біртановтың қорғаушысы, судья Роза Жақанованың сот процесіне жәбірленуші тарап – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі ретінде қатысуының заңдылығы мен негізділігі туралы мәселені көтерді. Прокурорлар наразылықты негізсіз деп санады. Сот кеңесіп, Жақанованы жәбірленушінің өкілі ретінде қылмыстық процеске қатысудан босатады. Сот отырысына БАҚ өкілдері, қорғаушы және айыптаушы тарап қатысып жатыр. Онлайн сот отырысына 100-ге жуық адам қатысып отыр. Еске сала кетсек, 18 наурызда сот Біртановтың ісін заң бұзушылықтарды жою үшін Бас прокуратураға қайтарған болатын. 5 мамырда іс қайтадан Сарыарқа аудандық сотына жіберілді.