Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың не үшін өлтірілгені белгілі болды (ВИДЕО)

Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың не үшін өлтірілгені белгілі болды (ВИДЕО)

Алматылық дәрігер Юрий Шумковтың не үшін өлтірілгені белгілі болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Алматыдағы дәрігер Юрий Шумковты атып өлтірген күдіктінің анасы алғаш рет мәлімдеме жасады. Айтуынша, ұлының іш құрылысын тексеру үшін зонд тыққанда кеңірдегіндегі шеміршегін сындырып жіберген. Сол жарақаттан нәр тата алмай қалған жігіттің жағдайы күннен-күнге нашарлапты деп хабарлады turkystan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап. «Ал Шумков кінәсін мойындамай, маңайлатқан жоқ», - дейді анасы. Ашынған жігіт ақыры осындай ауыр қылмысқа барған. Жақындарының айтуынша, тергеу изоляторындағы айыпталушының жағдайы одан бетер нашарлап, жүріп-тұрудан қалған. Ақпанда гастроэнтеролог Юрий Шумковтың қабылдауына жазылғанда Нұржанның тұрпаты зіңгіттей болған. Анасының айтуынша, асқазанын тексеру үшін наркозбен зонд өткізгенде кеңірдектегі шеміршегі сынып, екі айдың ішінде 95 тен 64 келі салмаққа бір-ақ түскен. Тамақ іше алмай, құр сүлдері қалған жігіт дәрігер қатесін мойындамай, теріс айналғаннан осындай қылмысқа барды дейді шарасыз анасы.
«Кейін барды, менсіз барды, келінмен. Сол кезде барып айтса, салқын шығарып салыпты, тыңдамай. Өйткені барлық жерге барып қаралғанда ешқандай дәрігер алатынын алып, қаралатынын қаралып алғаннан кейін, тіпті бұдан қаша бастады. Еш жазылмағаннан кейін олар ешқандай диагноз қойылмағаннан кейін, олар қаша бастады», - дейді күдіктінің анасы.
«Қолымен істегенді мойнымен көтереді» деген анасы Нұржан сотқа жетпей өліп кете ме деп сары уайымға салынған. Тергеу изоляторында хәлі күрт нашарлап кетіпті. Қағаз жүзінде «денсаулығы қалыпты» дегендердің сөзіне күдікпен қарайды.
«Зілтемірмен әкеліп жолықтырады. Не тұра алмайды, не жүре алмайды, не тамақ іше алмайды. Жанындағы дәретін, құсқан құсықтарының бәрін жанындағы адамдар төгіп қарап жатыр. Ал дәрігер қарайды дегені, олар қағаз жүзінде ғана қарап жатыр. Негізінде балаға ешқандай ем қолданып жатқан жоқ. Себебі, дәрігерді өлтірдің дегендей балама қарамай жатыр», - деді күдіктінің анасы.
35 жастағы күдікті Нұржан үш баланың әкесі. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Осыған дейін істі болмаған. Түрмеге отырса да, “о дүниеге аттанып кетпесін” деп шырылдаған ана жалғыз ұлының нақақтан-нақақ қараусыз өліп кетпегенін қалайды.  Және барлығынан өзекті өртеген өкінішпен кешірім сұрайды.
«Құрметті Қазақстан халқы, 19 миллион халықтың алдында кешірім сұраймын. Баламның қылығына. Қайтыс болған дәрігердің отбасынан, туыстарынан басымды иіп кешірім сұраймын, бізді кешірсін!» - дейді анасы.