«17 жыл жасырдым»: Мақпал Жүнісова қызына қатысты шындықты сахнада айтты

«17 жыл жасырдым»: Мақпал Жүнісова қызына қатысты шындықты сахнада айтты

«17 жыл жасырдым»: Мақпал Жүнісова қызына қатысты шындықты сахнада айтты
ашық дереккөзі
Мамыр айының басында елді елең еткізген Мақпал Жүнісованың мәлімдемесі жұрттың аузында әлі жүр деп жазды turkystan.kz. Еске салсақ, ол Мерейдің туған қызы еместігін айтқан. Әншінің айтуынша, ол оның туған бауырының қызы. Осы видеодан кейін әлеуметтік желі қолданушылары әншінің отбасындағы жағдайды қызу талқылады. 9 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында жеке концертін өткізген әнші Мақпал Жүнісова қызы Мерейге қатысты бар шындықты сахнада тұрып айтты.
«Шындықты мен айтпасам, кім айтады? «Қасқырдың аузы жесе де қан, жемесе де қан» дейді қазақ. Сол кезде ештеңе ұрттаған жоқпын. Концерттен кейін тамағымның «отырып» қалғаны рас. 17 жылдан кейін менің қызымды иеленіп жатыр... Менің үйіме кірмеген адамдар, қызымның маңдайынан сүймеген адамдар арамызға от салып, иеленгісі кеп жатыр. Бауырға басқанымыз рас. Қай қазақ бауырына баспай жатыр? Зәкең екеуміздің екі баламыз түсіп қалды. Содан кейін Зәкең менің туған бауырымның баласын сұрады. Менің анам Зәкеңнің бетін қайтара алмады. Зәкең өзінің тегін беріп, қыз 18-ге келгенде айтам дейтін. Қазір қыз 20-ға келіп қалды. Менің бұл сырды жасырып келе жатқаныма 17 жыл болды. Қызым өзінің бауырларын білсін деп айттым. Кінәламаңыздар. Қызым жылап, жылап, менен кешірім сұрады. «Мама, мені қайда кетеді дейсің» деді. Папасының фамилиясын өзгертпейтінін айтты», – деді Халық әртісі.