Садыр Жапаров жаңа жарлыққа қол қойды

Садыр Жапаров жаңа жарлыққа қол қойды

Садыр Жапаров жаңа жарлыққа қол қойды
ашық дереккөзі
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Ел үміті» (Эл Умуту) халықаралық стипендиясының жаңа бағдарламасын ашу туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлады turkystan.kz Қырғызстанның Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Бағдарлама әлемнің 100 жетекші университетінің бірінде магистратура мен докторантураға түскен жас қырғызстандықтарды шәкіртақымен қамтамасыз етуді қарастырады. Әзірге биылғы жылды 50 шәкіртақы бөлуден бастаймыз деп шештік. Шәкіртақы мөлшері таңдалған университетке байланысты, бірақ максимум 50 мың АҚШ долларын құрайды. Техникалық және инженерлік салаларға басымдық беріледі, бірақ, сіз экономика және гуманитарлық ғылымдарға да өтініш бере аласыз», - деп жазылған Қырғыз президентінің жарлығында.