Бокстан әлем чемпионатында бүгін 4 қазақстандық қыз рингке шығады

Бокстан әлем чемпионатында бүгін 4 қазақстандық қыз рингке шығады

Бокстан әлем чемпионатында бүгін 4 қазақстандық қыз рингке шығады
ашық дереккөзі
Бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 11 мамырда қазақстандық төрт спортшы шаршы алаңға шығады деп хабарлады turkystan.kz. Әлем чемпионатына еліміздің атынан 12 боксшы барды. Олардың қатарынан әзірге екі боксшы шаршы алаңға шығып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. 8 мамырда ел құрамасынан Валентина Хальзова (70 келі) кениялық Лорна Куса Симбиді тізе бүктірді. 10 мамырда Алуа Балқыбекова (48 келі) канадалық Приянка Диллоннан басым түсті. 11 мамырда күндізгі сессияда Жайна Шекербекова (52 келі) Пуэрто-Рико елінен келген Мелоди Варгаспен шаршы алаңға шықса, Карина Ибрагимова (57 келі) румыниялық Клаудия Нечитамен кездеседі. Сондай-ақ, аталған сессияда Аида Әбікеева (63 келі) алжирлік Имане Хелифпен қолғап түйістіреді. Ал кешкі сессияда Надежда Рябец (75 келі) түркиялық Бушра Ишилдармен шаршы алаңға шығады. Ел құрамасынан алдағы күндерде Назым Қызайбай (50 келі), Дина Жоламан (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) сынға түседі.