Атырауда 5 жастағы қызды ит тістеп алды

Атырауда 5 жасар қыздың бетін ит тістеп алды.

Оқиға туралы Әсем Байжан Facebook-тегі парақшасында жазды, – деп хабарлады Tengrinews.kz.

Атырау облыстық Полиция департаменті жағдай тіркелгенін және иттің иесі жоқ екенін мәлімдеді.

Атырау әкімдігі жағдайды кейінірек түсіндіруге уәде берді.

«Ит менің балаларыма бірнеше рет шабуыл жасаған! Агрессивті, зооқорғаушылардың әртүрлі тобына жазғанмын (әрине, олар менің балаларымды кінәлап, өзімізді кінәлі етіп қойды). Бүгін, 2022 жылдың 7 мамыры сағат шамамен 18.30-да Азаттық, 153 мекенжайында ит менің бес жасар жиенім Софияның бетін тістеп алды.

Видеосын жүктедім. Бұл ит 2021 жылдың 22 қарашасында маған да шабуыл жасады” деп жазды әйел.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button