Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойды

ашық дереккөзі

Қасым-Жомарт Тоқаев Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапары Түркияның негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің рухына тағзым етуден басталды, – деп хабарлады Ақорда. Анытқабір кесенесін аралап көрген Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды. Онда Қасым-Жомарт Тоқаев тамырлас түрік жұртына зор құрметін білдіріп, Қазақстан мен Түркия арасындағы достықтың мәңгі болуына, екі ел ынтымақтастығының арта беруіне және бауырлас түрік халқына бақ-береке тіледі. Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.