Бейсенбі, 1 Маусым, 2023

Қамшыбек Қоңқабаев ұлттық құрамаға қайта оралады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Life Sport KZ Youtube-арнасына берген сұхбатында Қамшыбек Қоңқабаевтың командаға жақында оралатыны туралы айтты.

– Қамшыбек 6 немесе 2 шілдеде жекпе-жек өткізеді (кәсіпқойда) және бізге, ұлттық құрамаға қосылады. Азия ойындары аяқталғанша, ол осында болады, – деді Сәтжанов.

Кәсіби рингтегі соңғы жекпе-жегін Қамшыбек Қоңқабаев (5-0, 4 КО) ақпан айында өткізді: ол екінші раундта өзбекстандық Фаррух Джураевты (6-6-1, 2 КО) нокаутқа түсірді. Айта кетейік, Қоңқабаев кәсіпқойда алғаш рет 2020 жылы өнер көрсетті, алайда кәсіпқой және әуесқой бокста алма-кезек өнер көрсетеді.

 

 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button