ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты алты адамның өмірін қиды
ШҚО-да жантүршігерлік жол апаты алты адамның өмірін қиды
Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты алты адамның өмірін жалмады. Тағы төртеуі ауруханада жатыр. Жолаушыға лық толы екі жеңіл көлік бетпе-бет соғылған, – деп хабарлады КТК.
Жол апаты Омбы-Майқапшағай тасжолында болды. Соққының қатты болғаны сонша, Lada көлігінің сау тамтығы жоқ. Салонда отырған бес жолаушы мен 33 жастағы жүргізушісі тілге келместен жан тапсырған. Мәйіттерді жанып жатқан көлік ішінен өзге жолаушылар алып шықты. Ал екінші көліктегі жүргізуші мен кәмелетке толмаған үш бала ауруханаға жеткізілді. Апатқа да осы машинаның иесі себепкер болды дейді оқиға куәгерлері. 35 жастағы жігіт тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытқа жолға шығып кетіпті. Қазір полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.