Синоптиктер Қазақстанда құрғақшылық болатынын хабарлады

Синоптиктер Қазақстанда құрғақшылық болатынын хабарлады

Синоптиктер Қазақстанда құрғақшылық болатынын хабарлады
ашық дереккөзі
Қазақстан аумағының басым бөлігінде мамыр бойы ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады, – деп хабарлады Қазгидромет. Синоптиктердің болжамы бойынша, мына өңірлерде орташа құрғақшылық күтіледі: Ақмола облысы Степногорск қаласының маңында; Солтүстік Қазақстан облысы, М. Жұмабаев атындағы ауданда; Қызылорда облысы, Арал ауданында; Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында. Ал қатты құрғақшылық мына өңірлерде болады: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында; Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында. Қалған жерлерде, атап өтсек, негізінен, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының Созақ ауданында. Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов атындағы, сондай-ақ Тимирязев және Тайынша аудандарында; Ақтөбе облысы — Ырғыз және Ойыл аудандарында; Алматы облысы — Еңбекшіқазақ және Іле аудандарында; Шығыс Қазақстан облысы — Шемонаиха және Үржар аудандарында құрғақшылық болады.