Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас жұдырықтаспайтын болды

Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас жұдырықтаспайтын болды

Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас жұдырықтаспайтын болды
ашық дереккөзі
Қазақстандық боксшылар Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас Стамбұл қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында кездеспейтін болды. Алғашында осы әлем біріншілігінде Қызайбай мен Лукас 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін болған. Алайда, Лукас 52 келіде,  Назым болса 50 келіде сынға түсетін болды. Осыған байланысты екі боксшы жұдырықтаспайтын болды. Әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Ангелина Лукас IBA атынан өнер көрсетеді. Ұлттық құрамадағы даудан кейін ол кәсіпқой боксқа ауысқан болатын.