Нұр-Сұлтанда жөндеу жұмыстарына байланысты жолдар жабылады

Нұр-Сұлтанда жөндеу жұмыстарына байланысты жолдар жабылады

Нұр-Сұлтанда жөндеу жұмыстарына байланысты жолдар жабылады
ашық дереккөзі
9 мамыр мен 19 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылынан Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде жеңіл көліктер қозғалысы жартылай шектеледі. Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Момышұлы даңғылында жөндеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайты жазды. Осыған байланысты 9 мамырдан 19 мамырға дейін Тәуелсіздік даңғылынан Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде жеңіл көліктерге арналған қозғалыс жартылай шектелді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына бағытты алдын ала жоспарлауға кеңес берілген.