Жаңалықтар

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін Алуа Балқыбекова шаршы алаңға шығады

ашық дереккөзі

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін Алуа Балқыбекова шаршы алаңға шығады

Түркияның Стамбұл қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында бүгін, 10 мамырда, қазақстандық бір спортшы шаршы алаңға шығады. Ел құрамасынан сынға түсетін Алуа Балқыбекова (48 келі) кешкі сессияда канадалық Приянка Диллонмен кездеседі. Кешкі сессия елорда уақытымен 17.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 8 мамырда ел құрамасынан Валентина Хальзова (70 келі) кениялық Лорна Куса Симбиді жеңді. Дүбірлі додада еліміздің атынан 12 боксшы қатысып жатыр. Олардың қатарында Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (52 келі), Дина Жоламан (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Дариға Шәкімова (66 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) бар. Аталған турнир 1974 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.