Ресейлік мамандар қазақстандық футболшының ойынына жоғары баға берді

Ресейлік мамандар қазақстандық футболшының ойынына жоғары баға берді

Ресейлік мамандар қазақстандық футболшының ойынына жоғары баға берді
ашық дереккөзі
Ресейлік «Футбол на Куличках» сайты Ресей Премьер Лигасының 28 турындағы үздіктер (символикалық) құрамасын жариялады. 11 адамнан құралған бұл құрамаға Қазақстан ұлттық құрамасының және грозныйлық «Ахмат» командасының қорғаушысы Марат Быстров енген. Бұл туралы KazFootball.kz сайты хабарлайды. Соңғы ойында командаластарының жеңіске жетуіне септігін тигізген Марат – «Ахматтан» бұл тізімге енген жалғыз ойыншы. «Ол ойында Быстровқа командаластары үшін әрекет етуге тура келді.  Және ол бұл тапсырманы керемет орындады. Мараттың арқасында қақпашы Шелия қорғайтын қақпаға аса қауіп төнбеді» делінген хабарламада. Айта кетейік, 29 жастағы Марат Быстров – Қостанай облысы, Большевик ауылының тумасы. Ол «Ахмат» сапында 2020 жылдың тамыз айынан бастап ойнап келеді.