Гаитиде Түркия туристерін белгісіз біреулер ұрлап әкеткен

Гаитиде Түркия туристерін белгісіз біреулер ұрлап әкеткен

Гаитиде Түркия туристерін белгісіз біреулер ұрлап әкеткен
ашық дереккөзі
Гаитиде Түркиядан келген 8 туристі белгісіз біреулер ұрлап әкеткен деп хабарлайды РИА Новости. «8 мамыр күні Доминикан Республикасынан Гаитиге автобуспен бара жатқан Түркияның 8 азаматын Круа-де-Буке ауданында белгісіз біреулер ұрлап әкеткен», – делінген хабарламада. Белгілі болғандай, туристердің арасында әйелдер де бар. Айта кетейік, өткен аптада Гаитидегі Доминикан елшілігінің кеңесшісі Карлос Гильен Татисті де дәл сол ауданда белгісіз біреулер ұрлап әкетіп, кейіннен босатқан болатын.