Нұрәли Әліп «Зенит» клубының сапынан кетуі мүмкін

Нұрәли Әліп «Зенит» клубының сапынан кетуі мүмкін

Нұрәли Әліп «Зенит» клубының сапынан кетуі мүмкін
ашық дереккөзі
Жыл басында Ресейдің «Зенит» командасына ауысқан қазақстандық футболшы Нұрәли Әліп клуб сапынан кетуі мүмкін деп хабарлайды Sports.kz. «Матч ТВ» арнасының коментаторы Константин Генич Youtube-тегі «Коммент.Daily» каналына берген сұхбатында: «Әліптің келесі маусымда қалатынына сенімді емеспін. Мұны мен Сергей Семакқа (бас бапкер – Ред.) қажет ойнау әдістерін ескере отырып айтып отырмын. Бәлкім, ресейлік чемпионаттан біреуді шақырар немесе «Сочиде» ойнап жүрген Прохинді қайтарып алар», – деді. Еске сала кетейік, ақпан айында «Зенит» пен «Қайрат» клубтары Нұрәли Әліпті жалға алу туралы келісімге келген болатын. Келісімшарт ережесі бойынша, ресейлік клуб қазақстандық ойыншыны бір жылдан соң «Қайраттан» сатып ала алады.