Сәрсенбі, 7 Маусым, 2023

Елордада «Біздің елдің жігіттері» атты волейболдан республикалық турнир өтті

«Біздің елдің жігіттері» атты волейболдан өтіп жатқан республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Оған Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі қатысты. Ал Отандастар қоры президенті кеңесшісі Қалыбек Қобландин Абзал Сапарбекұлының арнайы алғыс хатын табыстап, ойыншыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар жолдастық кездесудің үздік ойыншысына Mikasa волейболын сыйға тартатынын жеткізді.

Влейбол

Шараның бас ұйымдастырушы Дайынов Арсыланбектің айтуынша, республикалық турнир Қазақстан тәуелсіздігі мен Ұлы көшке 30 жыл толуына орай ұйымдастырылуда.

«Спортта көбіне 40-тан асқан спортшылар, ардагерлер жарыстарға қатыса алмай жатады. Кейде тіпті жастармен ойнауға тура келеді. Осы себептен де менің ойыма мерекелі датаға сәйкестендіріп осындай шара өткізу келді. Негізі, бұндай турнирді біз жылда өткіземіз. Алайда Нұр-Сұлтан қаласында өтуі алғаш рет. Бұл турнирдің басты ерекшелігі – 40-тан асқан ардагер қандас спортшылардың қатысуы. Қаржылай демеушілік көрсеткен – Байтемірұлы Ернат, Асылбекұлы Нұртай және басқа да белсенділеріміз бар», – дейді.

Елордада «Біздің елдің жігіттері» атты волейболдан республикалық турнир өтті

Айта кетсек, биыл жолдастық кездесуге 15 команда қатысып жатыр. Атап айтсақ, Алматыдан – 1, Қарағандыдан  – 2, ШҚО (Өскемен) – 1, Шортандыдан – 1, Макинкадан – 1, Көкшетаудан – 1, Нұр-Сұлтан қаласынан 6 команда және басқа да команда спортшылары бақ сынасуда.

Елордада «Біздің елдің жігіттері» атты волейболдан республикалық турнир өтті

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button