Жаңалықтар

Жүкті болғысы келген әйел 6 айға бас бостандығынан айырылды

ашық дереккөзі

Жүкті болғысы келген әйел 6 айға бас бостандығынан айырылды

Германияның Билефельд қаласында 39 жастағы жергілікті тұрғын алты айға бас бостандығынан айырылды. Ол жүкті болу үшін серіктесіне білдірмей әрекет еткен деп хабарлады turkystan.kz stan.kz сайтына сілтеме жасап. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ер адам 42 жастағы әйелмен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Олар міндеттемесіз жыныстық қатынасқа түсіп жүрген. Бірақ әйел серіктесіне сезімін білдірген. Ал ер адам қарым-қатынасты қаламағандықтан, әйел жүкті болу үмітімен оның мүшеқабын тесіп тастаған. Алайда әйел ойлағанына жете алмады. Бірақ ол ер адамға жүктілік белгілері бар екенін жазған. Содан кейін ол контрацептивтерді құртып жібергенін мойындаған. Шындықты білген сүйіктісі полицияға барған. Кейінірек сот барысында әйел осылайша өзінің серіктесіне айла-шарғы жасамақ болғанын айтты. Судья Астрид Салевски талапкердің жағына шығып, оқиғаны «сексуалды зорлық» деп атады. Судья екі жағдайда да заңның бірдей сақталуы керектігін айтты.