1 шілдеден бастап ауыл тұрғындары медициналық тексерістен өтеді

1 шілдеден бастап ауыл тұрғындары медициналық тексерістен өтеді

1 шілдеден бастап ауыл тұрғындары медициналық тексерістен өтеді
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрлігі 1 шілдеден бастап барлық ауылда медициналық тексеріс ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният аудандар мен моноқалалардың бас дәрігерлерімен кездесу барысында айтты деп хабарлады turkystan.kz. Министрдің айтуынша, көптеген проблемалардың тарихи тамыры бар, олар жылдар бойы созылып, бүгінде денсаулық сақтау саласына үлкен жүктеме түсіруде. Бұл кадр тапшылығы, медициналық объектілердің физикалық тозуы, жол-көлік қатынасының әлсіздігі, ауылда медициналық техникамен жарақтандырудың төмендігі. Ол дәстүрлі түрде ауыл тұрғындары амбулаториялық мекемелерге жиі баратынын, ал шұғыл денсаулық проблемалары кезінде ғана ауруханаға жатқызылатынын, тұрмыстық сипаттағы қиындықтарға байланысты жоспарлы емдеуге жатқызудан бас тартады екен.
«Осыған байланысты, министрлік ауыл тұрғындарын бастапқы диагностикамен қамтуды арттыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асырып жатқанын, ол үшін барлық жастағы ауыл тұрғындарын профилактикалық тексеру жүргізу туралы бұйрықтың жобасы әзірленгенін, оны 1 шілдеден бастап іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады. Бұдан басқа, ауылда медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі, медициналық көмек көрсету стандарттары қайта қаралатын болады, көлік медицинасының арсеналы күшейтіледі», – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Тағы оқи отырыңыз: Мүгедектігі бар балалардың аналары депутаттарға денсаулық сақтау жүйесіне сенбейтіндерін жеткізді