Қызылордада атыс болып, үш адам қаза тапты (ВИДЕО)

Қызылордада атыс болып, үш адам қаза тапты (ВИДЕО)

Қызылордада атыс болып, үш адам қаза тапты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қызылордада атыс болып, үш адам көз жұмды. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 7 мамырда болған. Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, атыс Қызылорданың шетіндегі Титов ауылындағы азық-түлік дүкенінің жанында болған. Соның салдарынан 26, 29 жастағы адамдар қаза тапқан. Оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы барған.
«Жедел жәрдем жеткенше алған жарақаттарынан үш адам мерт болды. 47 мен 23 жастағы екі ер адам аяғынан оқ жарақатын алған. Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілд», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Полиция департаментінде оқиғаның сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімі бойынша тіркелгенін мәлімдеді. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы оқи отырыңыз: Алматыда 8-сынып оқушысы өзіне қол жұмсады