«72-ші күн. Соғыстың бітер уақыты көрінбейді» - Зеленский

«72-ші күн. Соғыстың бітер уақыты көрінбейді» - Зеленский

«72-ші күн. Соғыстың бітер уақыты көрінбейді» - Зеленский
ашық дереккөзі
Бұл туралы Зеленский «Chatham Hous» британдық халықаралық қатынастар институтындағы бейнеконференцияда сөйлеген сөзінде айтты деп хабарлады turkystan.kz stan.kz-ке сілтеме жасап. Ол соғыстың аяқталуы мен Ресейдің соғыс қимылдарын тоқтататын белгілері білінбейтінін  жеткізді.
«Бүгін - кең ауқымды соғыстың 72-ші күні. Бірақ әлі соғыстың бітер уақыты көрінбейді. Тіпті Ресей тарапынан оны аяқтауға деген болмашы ниетті сезінбей тұрмыз. Ресей бастаған осы соғыстан қанағаттанарлық шешім жолдарын да көрмейміз», - деді Зеленский.
Оның пікірінше, Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тоқтату жөніндегі келіссөздердегі алғашқы қадам ресейлік әскерлерді биыл 24 ақпаннан бері басып алған Украина аумақтарынан шығару болуы мүмкін.
«Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтатуға қатысты дипломатиялық форматты ашу үшін, қалыпты келіссөзді бастау үшін, осы соғыстың аяқталуындағы ең аз қадам толық ауқымды басып кіруге дейінгі жағдайды қалпына келтіру болуы керек. Олар қолданыста болған байланыс және демаркация шебіне шегініп, осы шептерден әскерлерді шығаруы керек», - деді Украина президенті.
Зеленский Ресейдің өз еліне қарсы агрессиясын «Еуропаға ХХ ғасырдың ең сорақы сәттерін көрсеткендей кең ауқымды басып алу» деп сипаттады. Украина президенті Ресейдің Украина теңіз порттарын қоршап алуын, азық-түлік экспортына кедергі келтіріп, халық шалшықтан су ішетіндей деңгейде Мариупольде аштықты қару ретінде пайдаланғанын айтып айыптады. Ол жерге азық-түлік әкелуге, оның ішінде халықаралық ұйымдарға да әдейі рұқсат бермегенін жеткізді.