«Таққа қызықпаймын»: Жәкішев билікке келгісі келмейтінін айтты (ВИДЕО)

«Таққа қызықпаймын»: Жәкішев билікке келгісі келмейтінін айтты (ВИДЕО)

«Таққа қызықпаймын»: Жәкішев билікке келгісі келмейтінін айтты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
«Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев билікке барғысы келмейтінін, енді көп уақытын отбасына және өз кәсібіне арнайтынын жеткізді. Бұл туралы ол Жәкішев «Forbes Kazakhstan» ютуб-каналына берген сұхбатында айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстан халқы сізді саясатта көргісі келеді. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?» деген журналистің сауалына бизнесмен былай деп жауап берді:
«Мен ешқашан саясатта болған емеспін, әрқашан менеджер болдым. Мен үшін билік, бұл - мүмкіндік емес, кейбіреулерге сияқты, ең алдымен, жауапкершілік. Бұл салада жұмыс уақыты көп, бос уақыт аз болады. Мен өзіме және отбасыма аз уақыт бөлемін. Мен отбасымды көп көрмедім: түрмеде отырғанда құндылықтарың өзгереді. Тұтқындауға дейін ірі компаниялардың президенттерімен, әртүрлі елдердің президенттерімен кездесулер құнды деп саналды. Бірақ сіз түрмеде болған кезде мұның ешқайсысы маңызды емес екенін түсіне бастайсыз», — деді ол.
Жәкішев түрмеге түскенде ұлы 9 жаста болыпты, одан кейін ол ұлы 20-ға толғанда ғана қауышқан.
«Мен түрмеден шыққанда, оның мен туралы естеліктерінде тек біздің бірге балық аулауға барғанымыз ғана болды. Балалар әкесіз өсті, оларда ортақ ештеңе болмады, өйткені мен жоқпын. Сонда президенттермен осынша кездесулер, келісім-шарттар - кімге керек?! Жұрт маған елге керек екенімді айтты, бірақ ақыры мені түрмеге тықты ғой. Соны ойласам, қазір бұрын маңызды деп ойлаған нәрсем мүлдем маңызды емес болып шықты. Бұл - 11 жыл түрмеде отырып жасаған тұжырымым. Бәлкім, билік кейбіреулер үшін есірткі шығар. Бірақ мен үшін, бұл - үлкен жауапкершілік», — деді М. Жәкішев.
Бизнесмен енді билікке оралғысы келмейтінін айтты. Халықтың сөзі үшін енді алтын уақыты мен өмірін құр өткізгісі келмейді.
«Бұл билік не үшін керек? Мен билікке барғым келмейді. Негізі, маған биліктен ештеңе керек емес. Маған тек еркіндік керек, мен таққа қызықпаймын. Жеке кәсібім бар, сонымен айналысамын», — деді ол.