Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қалалық соты Украина азаматын депортациялау туралы шешімін жойды

ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтан қалалық соты Украина азаматын депортациялау туралы шешімін жойды

6 мамырда Нұр-Сұлтан қалалық соты Украина азаматы Златослава Близнюкті қамауға алу және кейін депортациялау туралы шешімді жойды деп хабарлады turkystan.kz. Оның орнына апелляциялық сот оған 45 945 теңге айыппұл салу туралы шешім қабылдады. Айта кетсек, Златослава 2017 жылдан бері Қазақстанда тұрады және тұруға рұқсаты бар. Бойжеткен әлеуметтік желідегі жабық аккаунтында Украинаны қолдау митингі туралы ақпаратты қайта жариялаған. Бұл шараның әкімдікпен келісілмегенін білген ол жазбаны өшіріп тастаған. Соған қарамастан Златослава митинг ұйымдастырды деп айыпталып, екі рет сотталды. Бірінші рет сот оны қылмыс құрамының жоқтығынан кінәсіз деп тапса, екіншісінде 10 тәулікке қамауға алынып, Украинаға депортациялау туралы қаулы шығарған. Алайда бірқатар құқық қорғау ұйымдары қызды қолдап шықты.