ОСК үндеу жасады

ОСК үндеу жасады

ОСК үндеу жасады
ашық дереккөзі
Орталық референдум комиссиясы белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтарына үндеу жасады деп хабарлады turkystan.kz. Егер сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, сіздің 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша республикалық референдумға қатысуыңызға құқықтық негіз бар.
«Сіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізілуіңіз референдумға қатысу конституциялық құқығыңыздың іске асырылу кепілі болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) тізімдерді сіздің дауыс беруге арналған нақты учаскенің аумағындағы тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар тізімдерге берілген өтініш негізінде енгізіледі», - делінген үндеуде.