Қырғыз-өзбек шекарасында болған атыстың себебі анықталды

Қырғыз-өзбек шекарасында болған атыстың себебі анықталды

Қырғыз-өзбек шекарасында болған атыстың себебі анықталды
ашық дереккөзі
БАҚ-та Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді деген ақпарат тараған болатын. Осыдан кейін Қырғызстан мен Өзбекстан өкілдері түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz. Өзбекстандық шекарашылар 3 қырғыз азаматына қарсы қару қолданған. Салдарынан үш азамат жарақат алған. Оқиға 5 мамырда Актом ауылында болған. Енді Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Шекара әскерлері Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға байланысты мәлімдеме жасады. Өзбекстан тарапының хабарлауынша, қазіргі таңда атысқа байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«2022 жылғы 5 мамырда Наманган облысының «Янгикурган» ауданындағы Актом ауылы арқылы өтетін өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасында, Өзбекстан шекарашылары белгісіз бір топтың Өзбекстаннан Қырғызстанға ірі көлемдегі тауарды алып өтуін байқап, бұл заңбұзушылықтың алдын алу шаралары қабылданды. Мемлекеттік шекараны бұзушыларды шекарашылар ұстау кезінде бір топ бұзушылар әскерилерге қарсылық көрсетіп, күш қолданған және дене жарақатын салып, қаруды тартып алуға әрекет еткен. Бұл жағдайда әскери қызметшілер заңда белгіленген тәртіппен қару қолдануға мәжбүр болған. Оның салдарынан 3 адам жараланып, оларды серіктері Қырғызстанға алып кеткен. Бүгінгі таңда екі тарап та жағдайды анықтап жатыр. Шекарадағы жағдай тұрақты», – делінген Өзбекстанның ресми органы таратқан хабарламада.
Тағы оқи отырыңыз: Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді