Үлгілі прокурорлар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Үлгілі прокурорлар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Бас прокуратурада ардагерлер және жеке құрамның қатысуымен Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Соғыс батырлары мен әскери қызметкерлердің ерлігіне құрмет көрсетіліп, салтанатты шараның ашылуы «Отан қорғаушылары» монументіне гүл қою рәсімімен басталды.
Осыдан кейін Отан қорғаушылар күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығымен прокуратура органдарының бірнеше жетекшісі жоғары шен және мемлекеттік наградалармен марапатталды.
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені - Атырау облысының прокуроры Халидулла Дәуешовке, Батыс Қазақстан облысының прокуроры Жандос Өмірәлиевке, Маңғыстау облысының прокуроры Ерлан Абаевқа, Түркістан облысының прокуроры Марат Әлихановқа және Бас прокуратураның 4-Қызмет бастығы Ризабек Ожаровқа берілді.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Молдажан, Жамбыл облысы Байзақ ауданының прокуроры Жандарбек Сұлтанбекұлы, Алматы қаласы ҚСЖАЕК Басқарма бастығы Дінмұхаммед Шүйкебаев марапатталды. Құқық қорғау органдары академиясы Басқармасының басшысы Жанар Ілияс «Құрмет» орденіне лайық деп танылды. «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалі Жамбыл облысы Байзақ ауданы прокурорының орынбасары Марат Есентаев және Оңтүстік өңірдің әскери прокуратурасының аға прокуроры Нұрбек Кушековке табысталды.
Бас Прокурор қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін орталық аппараттың бірқатар қызметкерлерін кезектен тыс сыныптық шендермен, ведомстволық наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапаттады. Көтермелеуге прокуратура органдарының ардагерлері де ұсынылған.
Салтанатты шараның қорытындысында прокуратура органдары қызметкерлері ұйымдастырған концертпен аяқталды.
Тағы оқи отырыңыз: «Референдум алдында аноним үгіт материалдарына тыйым салынады» – Бас прокуратура