Мәскеуде Ислам Кәрімовке ескерткіш қойылмақ

Мәскеуде Ислам Кәрімовке ескерткіш қойылмақ

Мәскеуде Ислам Кәрімовке ескерткіш қойылмақ
ашық дереккөзі

Мәскеудегі Ислам Кәрімов атындағы саябақта Өзбекстанның тұңғыш президентіне ескерткіш орнатылмақ.

Мәскеу қалалық думасының тасқа салынған сурет өнері жөніндегі комиссиясының жиналысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Мәскеу қаласындағы Якиманға ауданында орналасқан саябаққа Ислам Кәрімовтің есімі биыл қазанда берілді. Осындай шешімді ресейлік астана мэрі Сергей Собянин Мәскеу үкіметінің отырысында қабылдады.

Саябақ Өзбекстан қонақ үйі мен консулдық бөліміне жақын маңда орналасқан.

"Ескерткіш орнату туралы шешім бірауыздан қабылданды", - деді комиссия төрағасы Игорь Вознесенский.

Еске салайық, Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімов биыл 2 қыркүйекте 78 жасында миына қан құйылу салдарынан қайтыс болды. Оның денесі туған қаласы - Самарқанға қойылды.