«Соғыс жүргізуге қабілетті арнайы жасақтар құрылды» – Тоқаев

Мемлекет басшысы салтанатты жиында сөз сөйлеп, сардарлар мен сарбаздарды, ардагерлерді мерекемен құттықтады деп мәлімдеді turkystan.kz.

«Осыдан отыз жыл бұрын Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды. Бұл мемлекеттігімізді нығайту жолындағы маңызды қадам болды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент егемендік алған кезде әскери әлеуеті мықты армия жасақтауға баса мән бергенімізді, отаншыл әрі кәсіби мамандардың арқасында бұл міндет ойдағыдай атқарылғанын атап өтті.

«Бүгінде армиямыз әлемдік стандартқа сай жабдықталған. Менің тапсырмам бойынша, жоғары мобильді және гибридті соғыстар жүргізуге қабілетті арнайы операциялық жасақтар құрылды. Әлемдегі соңғы оқиғалардың тәжірибесін ескере отырып, біз әскери іс-қимылдардың стратегиясы мен тактикасын үнемі жетілдіріп отырамыз», – деді Мемлекет басшысы.

Тағы оқи отырыңыз: «Қарулы Күштеріміз – Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры, елдіктің берік қалқаны» – Тоқаев

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button