Жаңалықтар

Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді

ашық дереккөзі

Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді

Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматына қару қолданған. Оқиға 5 мамыр күні Жалал-Абад облысы, Ала-Бұқа ауданы, Ақтам ауылдық кеңесінің Добо-Қорған елді мекенінде болған деп хабарлады turkystan.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап. Үш қырғызстандық азамат жарақат алып, Ала-Бұқа аудандық ауруханасына жеткізілді. Олар сол жерде ес жимастан қайтыс болған. «Оқыс оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қырғыз Республикасының Ала-Бұқа бағытындағы шекара өкілі Өзбекстанның Янги-Курган бағытындағы шекара өкілімен кездесу өткізді. Тараптар қызметтік тергеу қорытындылары бойынша кездесуді 6 мамырда жалғастыруға уағдаласты. Факті бойынша, тергеу шаралары басталды», - деп хабарлады Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі.