Әлем чемпионы атағына үміткер боксшы өлі күйінде табылды

Әлем чемпионы атағына үміткер боксшы өлі күйінде табылды

Әлем чемпионы атағына үміткер боксшы өлі күйінде табылды
ашық дереккөзі

Бокстан жеңіл салмақ бойынша әлем чемпионы атағына үміткер кіші Алехандро Гонсалестің (25-3-3, 15 КО) өлі денесі табылды, деп хабарлайды regnum.ru-ға сілтеме жасап NUR.KZ.

Боксшының денесі Мексикадағы Гвадалахара қаласында өз үйінің жанындағы жүк көлігінен табылған. Жергілікті полицияның айтуынша, 23 жастағы Гонсалестің денесінен зорлық белгілері табылған. Айта кетейік, кіші Гонсалес кәсіби рингте 31 жекпе-жек өткізіп, оның 25-інде (оның 15-і нокаутпен) жеңіске жеткен.