Жаңалықтар

«Қарулы Күштеріміз – Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры, елдіктің берік қалқаны» – Тоқаев

ашық дереккөзі

«Қарулы Күштеріміз – Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры, елдіктің берік қалқаны» – Тоқаев

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендерді тапсырды. Мемлекет басшысы салтанатты рәсімге қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс мейрамымен құттықтап, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіндегі әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің үлесін ерекше атап өтті деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. «Биыл Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толып отыр. Осы кезеңде әскеріміз айбынды армияға айналды. Қырағы жауынгерлеріміз ел шебін қас қақпай күзетіп тұр. Олар мемлекеттігімізді нығайтуға зор еңбек сіңіруде. Қарулы Күштеріміз – Тәуелсіздіктің мызғымас тұғыры, елдіктің берік қалқаны», – деді Мемлекет басшысы.  «Бұл – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы. Біз ерлеріміздің есімін жаңғыртып, оларды ұлықтай беретін боламыз. Өйткені, ерлік ешқашан ескірмейді. Майдангер аға буын - кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі-өнеге», – деді Мемлекет басшысы.