«Алланың құдіреті»: тасаттықтан кейін Жаңаөзенді су басты (ВИДЕО)

«Алланың құдіреті»: тасаттықтан кейін Жаңаөзенді су басты (ВИДЕО)

«Алланың құдіреті»: тасаттықтан кейін Жаңаөзенді су басты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Жаңаөзенде 6 мамырға қараған түні қатты жаңбыр салдарынан 112 шұғыл нөміріне көп қоңырау түсті деп хабарлады turkystan.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап. Барлығы сегіз аула, екі тұрғын үй, үш көше және бір жалпы білім беретін мектеп су астында қалған. Қазіргі Жаңаөзен қаласының төтенше жағдайлар бөлімі әкімдікпен бірлесіп №3 өрт сөндіру бөлімінің  арнайы техникаларын және су сору құрылғыларын шығарды. 5 мамырда жаңбырдан кейін Қарақия ауданында сел жүрген. Көлік жүргізушілері бөліскен видеодан су ағыны Ақтау мен Жаңаөзен арасын жалғайтын тасжолға қалай жеткенін көруге болады. Сондай-ақ жүргізушілер жауын-шашынға байланысты жол көрінбегенін айтты. 6 мамыр күні таңертең жергілікті тұрғындар Жаңаөзендегі №22 мектепте, сондай-ақ Қарақия ауданы Бостан ауылындағы орта мектепте сабақ тоқтатылғаны туралы хабарлаған. «Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша,  6 мамырда Маңғыстау облысының басым бөлігінде жауын болады, найзағай, бұршақ жауады. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Сондай-ақ, тұрғындарға балаларды ерекше бақылауға алуға, қараусыз қалдырмауға кеңес берілді. Маңғыстаулықтарға аса қажет болмаса, далаға шықпау ұсынылады. Желден үй қабырғалары маңында жасырынуға болмайды. Өйткені шатырдан түрлі материал құлауы мүмкін. Еске сал кетсек, 24 сәуір күні Ақтауда жергілікті фермерлер мен жер иеленушілердің сұрауы бойынша, 2 мыңнан астам адам жағалауда тасаттық намазын оқыған еді. Әлеуметтік желіде тараған видеоларға желі қолданушылар көптеген пікір қалдырып жатыр.
«Көп сұрап жібердік-ау», «Алланың құдіреті», «Негізі, жақсы жаңалық», «Халықта ешқандай алаңдаушылық жоқ, бәрі керісінше сабырлы», «Шөп көп өссін» десті олар.
Тағы оқи отырыңыз: 2 мыңнан астам ақтаулық жағалауда тасаттық намазын оқыды (ВИДЕО)