Еркін ОҢҒАРБАЕВ, заң ғылымдарының докторы, профессор: Референдум – халық үшін маңызды демократиялық институт
Еркін ОҢҒАРБАЕВ, заң ғылымдарының докторы, профессор: Референдум – халық үшін маңызды демократиялық институт
– Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер бойынша жалпы республикалық референдум өткізуді ұсынған еді.
Менің ойымша, бұл – қазіргі уақыттағы ең ұтымды шешім. Себебі референдум – халық үшін ең қажетті және маңызды демократиялық институт.
Бәрімізге мәлім, Қазақстанда соңғы рет референдум 1995 жылы Конституциямызды қабылдаған кезде өткен болатын. Қазір Жаңа Қазақстанды құру жолында реформаларды толыққанды іске асыру үшін референдум өткізу ауадай қажет.
Ал еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға келетін болсақ, олар біздің мемлекеттік құрылысымыздың – «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» негізгі формуласын іске асыруға тиіс. Алдағы уақытта «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қабылданған жағдайда, оның Жаңа Қазақстанды құруға ықпал ететініне күмән жоқ.