Жаңалықтар

Түркістанда Қазыбек бидің 355 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

ашық дереккөзі

Түркістанда Қазыбек бидің 355 жылдығына орай ғылыми конференция өтті

Түркістанда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Қаз дауысты Қазыбек бидің қазақ қоғамындағы орны мен рөлі» атты ғылыми конференция өтті деп хабарлады turkystan.kz. Іс-шара ұлы бидің 355 жылдығына арналды. Оған еліміздің бірнеше өңірінен ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты. Конференцияны филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек ашып, Ғылым академиясының вице-президенті, профессор Ғалымқайыр Мұтанов пен мемлекет және қоғам қайраткерлері Оразкүл Асанғазы, Амалбек Тшановтар құттықтау сөз сөйледі.